Теміртауда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Теміртауда автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жөндеу жүріп жатқан учаскелердің бірі — Абай көшесі. Мұнда «Қарағанды Автодор» ЖШС мердігерлік ұйымы асфальт жабынының үстіңгі қабатын төсеуді аяқтауға жақын. Сондай-ақ Республика даңғылында да үстіңгі қабатты төсеу жұмыстары қызу жүргізілуде.