Қарағанды облысында жұмыссыздықтың ең төмен көрсеткіші тіркелді
Қарағанды облысының әкімдігінде аппараттық кеңес өтіп, онда тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері өңірде еліміз бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші тіркелді, ол небәрі төрт пайызды құрады.