Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтердің 99%-ы электронды форматта көрсетіледі


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері облыстық аппараттық кеңесте қаралды. Күн тәртібінде — жергілікті атқарушы органдардың бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы. Жиынға қатысушылар қызметтердің онлайн және офлайн форматтардағы қолжетімділігін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету тиімділігін арттыру шараларын талқылады.