Теміртау әкімдігі алдындағы алаң 1,5 миллиард теңгеге қалай өзгермек?
Теміртауда қалалық әкімдік ғимаратының алдында орналасқан алаңды қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жоба ескірген жабындыны толық демонтаждауды, архитектуралық нысандарды ауыстыруды және аумақты ауқымды абаттандыруды қарастырады. Жобаның құны — 1,5 миллиард теңге. Мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, нысанды қараша айының соңына дейін пайдалануға беруге уәде етіп отыр.