Теміртау әкімдігінде өрт қауіпсіздігі мен су айдындарындағы жағдай талқыланды


Теміртау әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте өрт қауіптілігі кезеңі мен су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері құрғақ шөптің жануымен күрес және қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы жағдай бойынша есеп беріп, профилактикалық рейдтер туралы баяндады.