Жаттығу, су және спортзалға абонемент: теміртаулықтар сенбілік таңды қалай өткізді


Теміртаулықтар таңды денсаулыққа пайдалы өткізуді әдетке айналдырған. «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында бүгін, 22 тамызда «Металлург» стадионында кезекті тегін жаттығу өтті. Оған қаланың жүздеген түрлі жастағы тұрғындары жиналды.