Металлургтер дауыс беруде!
Бүгін Теміртауда сайлау учаскелеріне қаланың басты салаларының бірі — металлургия өкілдері келуде. QARMET металлургтері демалыс күндеріне қарамастан, азаматтық борышын өтеуге келді. Олардың көбі өндірісте күнделікті еңбек ететін жандардың өз таңдауын жасап жатқаны көрініп тұруы үшін учаскеге арнайы жұмыс киімімен келген.