ҚарИУ ректоры дауыс беріп, Теміртауды қалай көргісі келетінін айтты
Сайлау — бұл жай ғана құқық емес, сонымен бірге ел болашағының қандай болатынына деген жауапкершілік. Қарағанды индустриялық университетінің басқарма төрағасы және ректоры Бахыт Жаутиков осындай пікірде. Бүгін ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, ол азамат ретінде барлық сайлаулар мен референдумдарға тұрақты түрде қатысады.