Металлургтер әулеті бірге дауыс берді
Теміртауда сайлау отбасылық дәстүрге айналып келеді. №288 сайлау учаскесіне бүгін металлургтердің тұтас бір әулеті — Зияшевтар отбасы келді. Отбасының екі буыны металлургия саласында еңбек етеді және бүгін дауыс беруге бірге келуді ұйғарған.