Депутат Ақтаудағы 17-ші округте не өзгергенін айтып берді


Қалалық мәслихат депутатының тұрғындар алдында жауап беретін өз аумағы бар. Максим Хохлов үшін бұл — 17-ші округ, яғни Теміртаудың оң жақ жағалауы мен Ақтау кенті. Бүгін біз Ақтау кенті туралы сөз қозғаймыз. Соңғы бірнеше жылда мұнда су, газ тартылып, инфрақұрылым жаңарды, бірақ түйткілді мәселелердің тізімі әлі толық жойылған жоқ.