Әкім мен депутат Оң жағалау тұрғындарымен кездесті


Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаев Оң жағалау тұрғындарымен кездесу өткізді. Күн тәртібінде кәріз жүйесі, үздіксіз ұялы байланыс, саябақ құрылысын жалғастыру, сондай-ақ сумен, жылумен және электрмен сапалы қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.