Депутат немен көмектесе алады?
Аулада жылдар бойы жол жөнделмесе, көше жарығы жұмыс істемесе немесе көркейту-көгалдандыруға қатысты сұрақтар туындаса, кімге хабарласқан жөн? Оның бір жолы — өз сайлау округінің депутатына жүгіну. Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Арман Абылхасымовтың мысалында халық қалаулысы арқылы қандай мәселелерді көтеруге болатыны және онымен қалай байланысуға болатыны туралы баяндаймыз.