«Qalam time» – «Жастар Орталығындағы» жалпыхалықтық диктант
«Жастар Орталығында» «Qalam time» жалпыхалықтық диктанты өтті. Теміртаудың 100-ге жуық тұрғыны өз сауаттылығын тексеру және «Тәуелсіздік — ортақ мақтаныш» тақырыбын қолдау үшін басын қосты. Шараны ұйымдастырушы — Қалалық тілдерді дамыту орталығы.