Теміртаулық полицейлер тұрғындарға алаяқтық деректері туралы ескертеді


Банктер мен полиция атынан қоңыраулар, жалған инвестициялар, тауар сату туралы хабарландырулар және таныстардың атынан келетін хабарламалар — алаяқтар әртүрлі әдістерді қолданады, бірақ мақсаты біреу: ақшаға немесе жеке деректерге қол жеткізу. Бүгінде Теміртауда алдаудың қандай тәсілдері кең тараған және тұзаққа қалай түспеу керек — полициямен бірге айтып береміз.