Жерді өз бетінше басып алу Теміртаудың жеке секторын көркейтуге кедергі келтіруде
Теміртаудың жеке секторларында жер учаскелерін өз бетінше басып алу көшелерді көркейтуге және коммуникациялар жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Тұрғындардың айтуынша, сыртқа шығарылған қоршаулар мен құрылыстардың кесірінен жолдар тарылып, жаяу жүргіншілер жолы мен инженерлік желілерге орын қалмай жатыр.