РЭС Теміртаудан кетуі мүмкін: электр желілерін «Қарағанды Жарыққа» беру жоспарланып отыр


Теміртауда биылға жоспарланған электр желілерін дамыту жұмыстары аяқталды. Жаңа желілер салынып, қолданыстағы желілер мен 15 қосалқы станция жөндеуден өтті. Жаңа инфрақұрылым қалаға қосымша 22 мегаваттқа жуық қуат қосуы тиіс. Бірақ бұл тозған желілер мәселесін толық шешпейді. Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап қаланың электр желілеріне қызмет көрсететін ұйым ауысуы мүмкін.