Теміртауда 27,8 шақырым автомобиль жолы жөнделді
Теміртауда автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмысты «Қарағанды Автодор» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда.

Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 20,649 шақырым болатын 13 учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жөнделген көшелердің қатарында Ташенов, Сарыарқа, Крупская, Шиллер, Шығыс, Қарағанды, сондай-ақ Республика және Бейбітшілік даңғылдары бар. Сондай-ақ Абай мен Теміртау көшелерінің жекелеген учаскелерінде, соның ішінде 8-ші шағынаудан аумағында және Отрадное ауылында жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі уақытта екі учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасуда: Брусиловский көшесі (Бейбітшілік даңғылынан Чернышевский көшесіне дейін) және АБВ кварталындағы Лисовенко көшесі. Олардың жалпы ұзындығы 2,929 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, жөндеу науқанын жалғастыру аясында жалпы ұзындығы 4,256 шақырым болатын тағы төрт учаскені жаңарту жоспарлануда. Тізімге Ватутин, Озерная және Төлеубаев көшелері, сондай-ақ 8-ші шағынаудандағы жол (Бейбітшілік көшесінен жаңа жолдың шекарасына дейін) кірді.

Осылайша, биылғы жылы Теміртау қаласының 27,834 шақырым автомобиль жолы орташа жөндеумен қамтылады.
Сондай-ақ әкімдіктен хабарлағандай, жұмыстың сапасы мен барысына техникалық қадағалауды «Қызмет Инжиниринг» ЖШС жүзеге асыруда.