«Қолыңнан бәрі келеді»: Теміртауда KATRIN BEAUTY CENTER сұлулық орталығы ашылды


Теміртауда жаңа KATRIN BEAUTY CENTER сұлулық орталығы есігін айқара ашты. Оның негізін қалаушы Екатерина — дәрігер-невропатолог және реабилитолог. Сұлулық саласында 8 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан маман орталықтың ашылу салтанатында дербес бьюти-кеңістік ашудағы басты мақсатын бөлісті.