Теміртауда бокстан ашық қалалық турнир аяқталды
Теміртауда «Жауыртау» спорт кешенінің базасында 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық қалалық турнир аяқталды. Жарыс Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жасеркен Айтжанұлы Құрмашевтің рухына арналды.