Теміртауда робототехника кабинеті мен қыш шеберханасы бар 320 орындық балабақша салынып жатыр
Теміртауда 320 орынға арналған жаңа балабақшаның құрылысы қарқынды жүруде. Әлеуметтік нысан 4А шағын ауданында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бой көтеріп келеді. Жоба мектепке дейінгі заманауи білім беруге жағдай жасап қана қоймай, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта қалыптастыруды да көздейді.