Самарқанд су қоймасында мұз үстіне шығу әлі қауіпті
Самарқанд су қоймасында мұз қата бастады, бірақ оның үстіне шығуға әлі ерте. Мұздың қалыңдығы небәрі 3–5 сантиметр ғана, өзі борпылдақ әрі жұқа. Құтқарушылар тұрғындарды өмірін қатерге тікпеуге шақырып, аяз бен боранда сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Комментарии