fbpx

Бір ғана сұрақ


Қазақстанда АЭС бойынша референдумға дауыс беру бюллетенінің нысаны мен мәтіні бекітілді.

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтар дауыс беретін атом электр стансасының құрылысы бойынша бюллетеньдерді көрсетті. «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген бір ғана сұрақ болады. Сіз тек «иә, келісемін» немесе «жоқ, келіспеймін» деп жауап бере аласыз. Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылады, яғни әрбір бланкі «қос тілді» болады.

Еске сала кетейік, жалпыхалықтық референдум 6 қазанда өтеді. 7:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беруге болады. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 12 миллионнан астам адам енгізілген.