fbpx

Жолда қабылдау


Теміртау қаласының тұрғындары полиция бөлімінен құжаттандыру, айыппұл төлеу және жол қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарына жауап алды.

Теміртауда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Әкімшілік және көші-қон полициясы және жергілікті полиция қызметінің басшылығы тікелей эфирде тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, азаматтар полиция қызметкерлерінен қала көшелерінде кеңес алды. Мобильді пункт «Аян пассаж» сауда үйінің алаңында орналасты.

Осылайша тәртіп сақшылары Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицей және No31 мектеп оқушыларымен бірлесе отырып, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне жол ережесін еске түсіріп, түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Акция аясында бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелері туралы бейнероликтер көрсетілді, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтілді.

Кездесулердің соңында патрульдік қызметкерлер оқушыларға жол-көлік оқиғасынан кейінгі аппатық көліктер мен мопедтерді ұсына отырып, жол-көлік оқиғаларының салдарының нақты мысалдарын көрсетті.

Мұндай шаралар қалада тоқсанына бір рет өткізіліп тұрады.