Жөндеу жұмыстары жалғасуда
Металлургтер даңғылында кең көлемді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Инфрақұрылымдық қиындықтарға қарамастан, мердігер жобаның негізгі кезеңдерін аяқтауға сенімді түрде қадам басуда.
Металлургтер даңғылында ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасуда, оны мердігер «Көкшетауавтодор» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазір мамандар бульвар бөлігін абаттандыруды басты назарда ұстауда. Мұнда брусчаткаларды төсеп, бордюрлерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте жолға дренажды науалар орнатылып, жарықтандыруға арналған кабельдер тартылуда, сонымен қатар гранитті бордюр орнату жұмыстары да жүргізілуде.
Азамат Омаров, учаске басшысы: «Біз жобаға сәйкес материалдарды пайдаланамыз. Жобаға сусымалы инертті материалдар кірді, ал асфальтқа келетін болсақ, біздің жеке зауыттарымыз бар — үш асфальт-бетон зауыты. Біздің брусчаткамыз «Аверс» компаниясынан (Астана). Жақсы, жоғары сапалы. Яғни, олар нарықта сапалы өндірушілер ретінде өзін танытты. Сондай-ақ жобада «Аверс» компаниясы шығарған брусчатка қолданылсың деп талап етілген».
Жыл соңына дейін Республика даңғылынан Абай көшесіне дейінгі бульвар бөлігіндегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бұл учаскеде асфальт төсеу жұмыстары 10 қыркүйекте басталады. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне сәйкестігін M50 Consulting Group халықаралық компаниясы бақылайды.
Виктор Басарыгин, «M50 Consulting Group» ЖШС техникалық қадағалау өкілі: «Республикадан Абай көшесіне дейінгі жұмыстарды ауа райының қолайлы жағдайында уақытылы аяқтайды. Мен асфальт төсеуге мүлдем алаңдамаймын, өйткені біз олардың асфальт-бетон зауытында болдық. Олардың өнімділігі бұл жолақты 4-5 күнде төсеуге мүмкіндік береді. Мұндағы басты мәселе ескі нөсерлі кәріз жүйелері».
Нысанда барлығы 40-қа жуық адам еңбек етуде, 6 техника жұмылдырылған.