fbpx

«Үйіңіздің қауіпсіздігі»


Ақтау кентінде өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған акция өтті.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Шаңырақ» орталығының волонтерлері бірлесіп, Ақтау кентіндегі жеке сектор тұрғындары үшін «Үйіңіздің қауіпсіздігі» акциясын өткізді. Шараның мақсаты – жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бағытталған алдын алу жұмысын жүргізу.

Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мен волонтерлер тұрғындарға жылыту құралдарын қолданудың негізгі ережелерін және қауіпсіздік шараларын түсіндірді, ақпараттық материалдар таратты және иіс газының датчиктерін орнатты. Бұл шаралар, әсіресе, жылыту маусымы басталғанда өзекті болып табылады, себебі өрт шығу және иіс газымен улану қаупі артады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне иіс газының датчиктерін орнату – басты міндет.

Вениамин Замерин, Теміртау қ. ТЖБ инженері: «Иіс газының иісі мен түсі жоқ екені белгілі. Адам оны сезе алмайды, ал осы датчиктер тұрғындарды қандай да бір ақаулық бар екенін хабардар етіп, жазатайым оқиғалардың алдын алады. Бұл датчиктер батареямен автономды түрде жұмыс істейді, сондықтан техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді. Батареяларды ауыстыру жеткілікті».

15 тамыздан бастап Ақтау ауылында және Теміртау қаласында 50 иіс газының датчигі орнатылды. Мамандардың айтуынша, «Үйіңіздің қауіпсіздігі» акциясы Теміртау қаласы мен Ақтау ауылында ТЖБ волотерлермен бірлесіп тұрақты профилактикалық жұмыс аясында жалғасады.