fbpx

Тұрғындар таңдау жасады

Теміртауда тұрғындар қаланы жақсарту жобаларын таңдады.

Теміртауда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының танымалдылығы артып келеді. Бұл шара тұрғындарға қалалық ортаны жаңғырту – аулаларды, гүлзарларды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын салу бойынша өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік береді. Биыл жақсы мысал ретінде қараусыз қалған бос жерде заманауи гүлзар жабдықталғанын атап айтуға болады. Аумақ өзгерді, енді тұрғындар балалармен бірге ол жерде серуендеп, спортпен шұғылдана алады. Теміртаулықтардың бағдарламаға деген қызығушылығы үдей түсті.

Белсенділік артты. Қала өміріне немқұрайлы қарамайтын тұрғындар жиырмаға жуық жоба ұсынды. Онлайн-халықтық дауыс беру нәтижелері бойынша 13-і іріктелді. Оларды сараптамалық кеңес мақұлдады. Келесі жылы бұл ұсыныстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын болады.

Олардың көпшілігі аулаларды абаттандыруға қатысты. Сондай-ақ, жаңа алаңдар, спорт және ойын алаңдары пайда болады.

Осылайша тұрғындар өмірінің жақсаруына тікелей әсер ете алады. Олардың бастамалары жергілікті қазынаны бөлу кезінде ескеріледі.