Теміртау музейіндегі түн
Теміртау тарихи-өлкетану музейі «Музейдегі түн» халықаралық акциясына қатысты.
Жыл сайын 18 мамырда әлемнің барлық елдерінде мұражай қызметкерлерінің шығармашылығын, талантын және ынтасын біріктіретін ерекше мереке аталып өтеді. Бұл шараның басты ерекшелігі – оның өткізілу уақыты. Мерекеге орай, 16 мамыр күні сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Теміртау тарихи-өлкетану музейінде мәдениет, кәсіп және интерактивтілікті біріктірген акция өтті. Әр залда наубайшыдан бастап домна пешінің жұмысшысына дейін әртүрлі мамандықтарға арналған бірегей тақырыптық локациялар орналасты.
Светлана Трещёва, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері: «Біздің басты мақсатымыз — әрбір келушімен жеке жұмыс жасау. Бұрынғы жылдары, он жылдан астам уақыт бойы бізде экспонаттың бенефисі өтетін. Бүгін біз бұл форматтан сәл алыстадық, бұрын бәрі далада өтетін. Ал бүгін біз келушілерді ең алдымен музейдің ішіне шақырып отырмыз. Бұл нақты бір экспонатқа немесе коллекцияға қатысты емес, бұл – жұмысшы мамандықтарының жылына арналған. Біздің локациялар да осы тақырыппен тығыз байланысты».
Кеш соңында жаңа кәсіптермен танысатын шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Комментарии