fbpx

Ұстаздарға құрмет көрсетілді


Қарағанды индустриялық университетінде Ұстаздар күні мен жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қарағанды индустриялық университетінде жоғары білім қызметкерлері күні мен Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Сахнадан Теміртаудың мұғалімдері, ұстаздары мен тәрбиешілеріне алғыс сөздері айтылып, бұл мерекенің маңыздылығы атап кетілді. Қала әкімі Ғалым Әшімов өз сөзінде педагогтардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті

Мерекеге орай Теміртаудың білім саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Осы күні Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Бахыт Жаутиков өнеркәсіп пен құрылыс саласына қосқан үлесі үшін екінші дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісімен марапатталды, ол барлық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Бахыт Жаутиков, ректор КарИУ: «Мұғалім, оқытушы, профессор – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – ең алдымен, ынта. Бұл оңай емес, жауапкершілігі мол міндет. Олардың мақсаты – оқушының қабілетін ашу, оған өзін-өзі табуға және өмірлік жолын таңдауға көмектесу. Бәріміз де өз ұстаздарымызды олардың шынайы махаббаты, қамқорлығы мен дана кеңестері үшін үлкен ризашылықпен еске аламыз».

Ғылымның дамуы мен білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін университеттің үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградалары табысталды.

Рымгүл Жаслан, ҚарИУ «Химиялық технология және экология» кафедрасының доценті: «Осы университетте 10 жылдам астам уақыт бойы жұмыс жасап, бүгін үлкен марапатқа ие болдым. Бұл мен үшін өте маңызды. Бұл марапат Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін берілді.  Бұл бағытта бізде өте көп жұмыстар жасалуда. университетіміз көптеген гранттық жобаларға қатысуда. Осындай марпаттаулар жастардың ғылымға деген талпынысын арттрады деп ойлаймын. Барлықтарыңызға сәттілік. Еңбектеріңіз жаңа берсін».

Мерекелік шара Теміртау қаласының шығармашылық ұжымдары қатысқан концертпен жалғасты. Музыкалық және би нөмірлері мерекенің салтанатын айшықтап, кештің керемет аяқталуына айналды.