fbpx

Экспозициядағы естелік


31 мамыр — Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы датаға орай Теміртау тарихи-өлкетану музейінде арнайы экспозиция жасақталды.

31 мамыр — Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы датаға орай Теміртау тарихи-өлкетану музейінде арнайы экспозиция жасақталды. Ол мұрағаттық құжаттар негізінде құрылған. Мұрағаттық материалдар 1930–1940 жылдардағы оқиғаларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Музей қызметкерлері бірнеше жыл бойы Самарқан елдімекенінің тұрғындары туралы мәліметтерді жинап, жүйелеген.

Ольга Шувалова, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері: «31 мамыр — Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Біздің экспозицияда 1937–38 жылдардың тізімдері бар. Біз бұл экспозицияны әр адам оны көргенде мұрағат жолдарынан қорқыныш, қайғы мен ерлікті сезінуі үшін жасадық. Ешкім де ұмыт қалмауы үшін».

Экспозиция 29 мамырдан бастап келушілер үшін қолжетімді. Самарқан ауылы тұрғындарының сотталғандар тізімдері музей залында да, оның ресми сайтында да орналастырылған.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: